Get Mystery Box with random crypto!

Алла тағала қияметте былай дейді: – Уа, Адам ұрпағы, мен ауырғ | 📚Пайдалы кітаптар

Алла тағала қияметте былай дейді:
– Уа, Адам ұрпағы, мен ауырғанда неліктен менің көңілімді сұрап келмедің?
– Уа, Аллам, сен ауырып-сырқамайтын бүкіл әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен сенің көңіліңді қалай сұрамақпын?
– Пәленше құлым ауырғанда, көңілін сұрап бармағаныңды білесің бе? Егер соның көңілін сұрап барғаныңда, мені сол құлымның жанынан табатын едің.
– Уа, Адам ұрпағы, мен сенен тамақ сұрағанда, бір үзім нан берместен, мені құр қол қайтардың.
– Уа, Аллам, сен еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ бүкіл әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен сені қалай тамақтандырмақпын?
– Пәленше құлым сенен тамақ сұрағанда, қолын құр қайтарғаныңды білесің бе? Сол құлыма тамақ бергеніңде, мені оның жанынан табатын едің.
– Уа, Адам ұрпағы, мен шөлдеп сенен сусын сұрағанымда неліктен су беріп, шөлімді қандырмадың?
– Уа, Аллам, сен еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ бүкіл әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен саған қалай су бермекпін?
– Пәленше құлым шөл қысып су сұрағанда, сен сусын бермей қойғаныңды білесің бе? Егер сол құлымның шөлін қандырғаныңда, мені соның жанынан табатын едің.

Құрбан айт құтты, құрбандықтарыңыз қабыл болғай! Баршамызға екі дүниенің игілігі бұйырсын!