Get Mystery Box with random crypto!

'Отандастар қоры' ұлтымыздың ұлы ұстазы, мемлекет және қоғам қ | OQ-bilim 📚

"Отандастар қоры" ұлтымыздың ұлы ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің ішінен шыққан оқушылар мен студенттер арасындағы шығармашылық байқаудың жалғасып жатқанын естеріңізге салады.

Байқаудың негізгі шарттары:

1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы жайлы бейнежазба түсіру және Ахмет Байтұрсынұлының кез келген шығармасынан үзінді оқу;

2. «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясының негізінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы жайындағы тест тапсырмаларын орындау;
(тест тапсырмасын орындау күні - 20 қазан)

3. Байқауға қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қатысуға болады.

Байқау талаптары:
1. Бейнежазба ұзақтығы 5 минуттан кем болмау керек;
2. Дауыстың ашық, сөздің анық әрі түсінікті шығуы;
3. Локацияның дұрыс таңдалуы;
4. Байқауға қатысушылар: мектеп оқушылары және Жоғары оқу орнының студенттері (этникалық қазақтар);
5. Байқауға жолданатын үзіндіні өзіңіздің Instagram, Facebook немесе TikTok парақшаңызға толық аты-жөніңіз, тұратын еліңіз жайлы мәліметтермен қоса @otandastar_qory - Instagram, @OtandastarQory - Facebook, @otandastarqory - TikTok әлеуметтік желілерінің бірін және #ultustazy150 хэштегін белгілеп салу қажет.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Бас жүлде – Қазақстанға тегін жолдама және қазақтың киелі аспабы домбыра

І орын –Samsung Galaxy Планшеті (3 дана):

ІІ орын – Amazon Kindle Paperwhite (3 дана):

III орын – Huawei Watch Fit (3 дана):

Жүлдегерлерге арналған сыйлықтар – свитшот (10 дана):

Үміткерлердің жұмысын қабылдаудың межелі мерзімі 2022 жылдың
25 тамыз - 20 қазан аралығы екенін естеріңізге саламыз.
Қапы қалмаңыздар, қандастар!
_____

"Otandastar qory" ūltymyzdyñ ūly ūstazy, memleket jäne qoğam qairatkerı Ahmet Baitūrsynūlynyñ 150 jyldyğyna orai şetelde tūratyn qazaq diasporasy ökılderınıñ ışınen şyqqan oquşylar men studentter arasyndağy şyğarmaşylyq baiqaudyñ jalğasyp jatqanyn esterıñızge salady.

Baiqaudyñ negızgı şarttary:

1. Ahmet Baitūrsynūlynyñ ömırbaiany, şyğarmaşylyğy jaily beinejazba tüsıru jäne Ahmet Baitūrsynūlynyñ kez kelgen şyğarmasynan üzındı oqu;

2. «Ahmet.Ūlt ūstazy» telehikaiasynyñ negızınde Ahmet Baitūrsynūlynyñ ömırbaiany, şyğarmaşylyğy jaiyndağy test tapsyrmalaryn oryndau;
(test tapsyrmasyn oryndau künı - 20 qazan)

3. Baiqauğa qazaq, orys, ağylşyn jäne türık tılderınde qatysuğa bolady.

Baiqau talaptary:
1. Beinejazba ūzaqtyğy 5 minuttan kem bolmau kerek;
2. Dauystyñ aşyq, sözdıñ anyq ärı tüsınıktı şyğuy;
3. Lokasianyñ dūrys tañdaluy;
4. Baiqauğa qatysuşylar: mektep oquşylary jäne Joğary oqu ornynyñ studentterı (etnikalyq qazaqtar);
5. Baiqauğa joldanatyn üzındını özıñızdıñ Instagram, Facebook nemese TikTok paraqşañyzğa tolyq aty-jönıñız, tūratyn elıñız jaily mälımettermen qosa @otandastar_qory - Instagram, @OtandastarQory - Facebook, @otandastarqory - TikTok äleumettık jelılerınıñ bırın jäne #ultustazy150 heştegın belgılep salu qajet.

Sondai-aq, jeñımpazdarğa arnaiy bağaly syilyqtar qarastyrylğan.

Bas jülde – Qazaqstanğa tegın joldama jäne qazaqtyñ kielı aspaby dombyra

I oryn –Samsung Galaxy Planşetı (3 dana):

II oryn – Amazon Kindle Paperwhite (3 dana):

III oryn – Huawei Watch Fit (3 dana):

Jüldegerlerge arnalğan syilyqtar – svitşot (10 dana):

Ümıtkerlerdıñ jūmysyn qabyldaudyñ mejelı merzımı 2022 jyldyñ
25 tamyz - 20 qazan aralyğy ekenın esterıñızge salamyz.
Qapy qalmañyzdar, qandastar!

#ұлтұстазы #шығармашылықбайқау #ultustazy150 #отандастарқоры #қандастар