Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа кітап 'Асыл білім қазынасы' Асыл дініміз Ислам туралы үл | РАМАЗАН-ОРАЗА

Жаңа кітап
"Асыл білім қазынасы"
Асыл дініміз Ислам туралы үлкендер мен кішілерге арналған мың сұрақ жауап дәлелдерімен.
Бұл кітаптың əдіснамасы сүйікті Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) өзінің сахабаларына діни білім оқыту барысында сұрақ-жауап əдісін қолданғанына негізделген. Оқытудың əрі ақпарат жеткізудің бұл əдісі балалар мен жасөспірімдерге де өте ыңғайлы, өйткені олардың оқу материалын қабылдауын жəне оны терең ұғынып түсінуін жеңілдетеді. Дəл сондықтан да бұл кітап «сұрақ-жауап-дəлел» үлгісінде беріледі. Оқырмандарға ұсынылатын бұл кітаптың материалы тек сенімді жəне жақсы хадистермен ғана шектеледі. Кітап кең оқырман ортасына арналған.
Аллаһ Тағаладан бұл еңбекті қабыл етуін және оны мұсылманд арға пайдалы етуін, сондай оны шығаруға қатысқан барша бауырларымызға мол сый-сауап беруін сұрамыз.