Get Mystery Box with random crypto!

Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай | РАМАЗАН-ОРАЗА

Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ! Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Әрі барлық мақтау Аллаһқа!

Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар, ардақты ағалар. Баршаңызды кіріп келген ұлы мейрам Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аллаһ Тағала бізден де, сіздерден де салиқалы амалдарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл етсін. Шын жүрекпен сіздерге Аллаһтың мейрімін, иман байлығын, бақыт, ырыс, ынтымақ пен құт-береке тілейміз.
Аса Жоғары Раббымыздан біздерді келесі Рамазанға иманмен, есендікпен және исламмен деніміз сау, басымыз түгел болып жетуді тілейміз.
Еліміз өркендеп, мешіттеріміз бен намазхандарымыз көбее берсін. Аллаһ елбасшыларымыздың жүректеріне Исламға және Сүннетке деген махаббат салсын және оларды да бізді де бүкіл игіліктерге бағыттасын және осыда қолдасын.
Раббымыздан бүкіл жер бетіндегі мұсылмандарды және Исламды ұлықтауын сұраймыз.
Айттарыңыз берекелі болсын, ағайын!!!