Get Mystery Box with random crypto!

Ертеде өмір сүрген бір данышпаннан «Дүниедегі ең тәтті не нәрс | 🕌 МУФТИЯТ

Ертеде өмір сүрген бір данышпаннан «Дүниедегі ең тәтті не нәрсе?» деп сұрағанда, әлгі дана кісі:

«Дүниедегі ең тәтті нәрсе - өзегіңді жарып шыққан өзіңнің балаң» деп жауап берген екен.

«Ал одан да тәтті не бар?» деп сұрағанда:

«Одан да тәтті ештеңе жоқ. Болса да, ол - балаңның баласы» деп жауап беріпті.

Хәкім Абай «Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік» дейді. Осы дүниеде қызығын көрсетіп, бақилық болғанда соңыңыздан дұға қылар ұрпағыңыз көп болғай!

muftyat.kz - ҚМДБ
Хикмет студиясы
#балалардықорғаукүні
#muftiyatkz