Get Mystery Box with random crypto!

Жұма – мұсылмандардың мейрамы. Бұл күні жасалған ғибадаттарға | Is1am.kz

Жұма – мұсылмандардың мейрамы. Бұл күні жасалған ғибадаттарға ең аз дегенде екі есе сауап беріледі. Бұл күні істелген күнәлар да екі есе болып жазылады.

_*Хадис шәрифтерде былай делінеді:*_

«Сауаптар арасында Жұма күні мен түнінде орындалғанынан құндырағы, күнәлар арасында да жұма күні мен түнінде жасалғанынан жаманырағы жоқ.» (Рамуз)

«Жұма күні күнә істелмей өтетін болса, басқа күндер де саламаттықпен өтеді.» (И.Ғазали)

«Жұма күні құстар, жабайы жануарлар бір-біріне "Сәлем сендерге, бүгін Жұма" дейді.» (Дәйләми)

«Жұма келесі жұмаға дейін және тіпті артығымен үш күн ішінде жасалған күнәларға кафарат (өтеу) болады. Өйткені бір жақсы амал жасаған адамға он есе сауап беріледі.» (Табарани)

«Төрт түннің күндізі де түні сияқты қадірлі. Аллаһу Та'ала ол күндерде дұға еткен адамның тілегін кері қайтармайды, оларды кешіреді және олар бұл күндерде мол ихсанға қауышады. Бұл түндер: Қадір түні, Арапа түні, Бәрат түні, жұма түні мен күндері.» (Дәйләми)

«Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі.» (Табарани)

«Жұма күні таң намазынан бұрын "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһә илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ" дұғасын оқыған адамның теңіз көбігі мөлшерінде болса да, барлық күнәлары кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

(Осындай үлкен сыйға қауыша алу үшін оқыған адамның дұрыс сенімге ие болуы, құл ақысын, қазаға қалған парыздарын өтеуі және харамдардан бас тартуы шарт.)