Get Mystery Box with random crypto!

Ата-анам кінәлі... ⠀ Иә, бұл сөзді әлемге паш етіп айтпасаң да | Құралай Калиева - ПСИХОЛОГ, КОУЧ - ТРЕНЕР

Ата-анам кінәлі...

Иә, бұл сөзді әлемге паш етіп айтпасаң да ішіңде жүретіні анық. Және осы сөз - біздің ата-анамызға деген реніштен туындайды. Мүмкін бала күніңізде бір жерге жібермей қойған шығар немесе ұнатқан ойыншығыңызды алып бермеген болар. Ал, мұндай адамдардың өмірдегі жетістігі аз, тіпті жоқ деуге де болады.

Кейде бұл ренішіңізді жоққа шығарып, арпалысып жатқан да боларсыз. Онда былай жасайық: "Осыдан көресіңдер, әлі-ақ байып кетемін, ата-анамды шетелге апарамып, үй салып беремін" деген сіздің айтатын сөздеріңіз бе? Әрине, ата-анаға, бауырға көмектесу орынды. Бірақ, осыншама жауапкершілікті алу не себептен, ойланып көріңізші?

1. Реніш.
Міне, "осыдан байып кетейін, көресіңдер! Сендерге өмір сүруді үйретемін" деген тәкаппарлық. Бұл жалғыз ата-анаға ғана қатысты емес. Өшігіп алған бір туысыңызға, құрбыңызға, экс жұбайыңызға т.б адамдарға деген ашу. Шынтуайтында сізге ақша, мәртебе емес, өзіңізді біреуге дәлелдеу маңызды болып тұрда.

1. Көңіл бөлу.
"Міне менің қызым молодец, алтын әперді!" деп абысындарына мақтанып отырған анаңызды елестетіп кетесіз кейде. Себебі, іштегі кішкентай бала ол мақтауды бала кезінде естімеді. Сол бос орынның орнын толтыру үшін барыңызды саласыз.

Ішкі тыныштық күйіне енген адам ғана шын жүректен жақсы көріп, ешкімнің мақтауын күтпей, біреудің ішін күйдірмей-ақ от души сыйлық жасайтын жағдайға жетеді.

Мен өзімнің 3-айлық курсымда да өткеннен қалған травмамен жұмыс жасауды үйретемін. Неге мен шырылдап жүр деп ойлайсыздар қатыс деп? Себебі, өткен күніңіздегі травма болашағыңызға әсер етеді. Сізге ғана әсер етіп қоймай, сіздің балаларыңызға да әсер етеді.

Ал, енді бағанағы тақырыпқа оралсақ, бір дәптер арнап 21-күн бойы ата-анаңызға алғыс жаза беріңіз. Ата-анаңыздың сізге сыйлаған жақсы естеліктерін есіңізге алып, алғыс жаза беріңіз.

Ендеше, "МЕНІ ӨМІРГЕ ӘКЕЛГЕНДЕРІҢІЗГЕ РАХМЕТ" деп жаза кетіңіз. Сіздің жасаған алғашқы қадамыңыз болсын құрбым