Get Mystery Box with random crypto!

Күйеуі бар ханымдарға Құралай ханымнан 14 кеңес 1. Күйеуің | Құралай Калиева - ПСИХОЛОГ, КОУЧ - ТРЕНЕР

Күйеуі бар ханымдарға Құралай ханымнан 14 кеңес

1. Күйеуіңнің көзінше әсем киін.

2. Оның ұйықтайтын және тамақ ішетін уашытына сақ бол.

3. Оның кемшілігін басқа ортада жасыр.

4. Оны қамығып қарсы алма, қамығып келсе, қарайлап сөйлес.

5. Қанша дүние тауып келсе де, шүкіршілік ет.

6. Босағаның беріктігі қанағаттан бастау алатынын есіңнен шығарма.

7. Үйден шығарда оның рұқсатын ал немесе оған ескерт.

8. Күйеуіңді разы ететін амал саған құлшылық болып жазылатынын естен шығарма.

9. Ол сені шақырса, қазан басында тұрсаң да бас тартпа.

10. Ол үйде жоқ кезде , дүние - мүлкіне аманат деп қара.

11. Үйге қонақ шақырарда онымен кеңес.

12. Күйеуін ренжіткен әйел оны разы етпейінше, Алла ол әйелге разы болмайды.

13. Араларыңдағы сырды сақта.

14. « Әр алыптың артында – әйел тұрады » дейді бабалар, бар тапқаным бала-шағама бұйырсын деп жүргенін ұмытпа.

Сіздерге ұнады ма?