Get Mystery Box with random crypto!

Codeo

Telegram kanalining logotibi codeo — Codeo C
Telegram kanalining logotibi codeo — Codeo
Kanal manzili: @codeo
Toifalar: Texnologiyalar
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 241
Kanalning ta’rifi

IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.
Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Oxirgi xabar 2

2019-06-01 12:22:18 Атам заманнан бері телеграм каналдарында комментарии деген ұғым жоқ.

Канал жүргізушілері оқырмандарымен сөйлесу үшін неше түрлі амалдар ойлап табатын. Біреуі личкаға жаз дейтін, біреуі бөлек чат жасап, сілтемесін каналға калдыратын, біреуі боттар арқылы сыртқы веб парақшада комментесетін.

Телеграм осыны түсіне отырып келесі функцияны адамдарға бейімдей жасапты. Енді каналға жеке чатты "официально" тіркеп қоюға болады. Егер телеграмды қазір обновить етсеңіздер, осы каналдың астыңғы оң бұрышында "discuss" деген батырма пайда болады. Оны бассаңыз каналдың чатына лақтырады. Чатта барлық каналдағы посттар автоматты түрде пайда болады. Ыңғайлы.

Одан бөлек @discussbot арқылы дәстүрлі түрде коммент қалдыруға болады. Осы пост астында comments деген кнопка шығу керек.

Сіздерге қайсысы ыңғайлы?
356 views09:22
Ochish/sharhlash
2019-05-25 11:19:11 Журналист Eurasianet Джоанна Лиллис на Евразийском медиафоруме подняла вопрос систематических блокировок сети в Казахстане - стране с несвободной прессой, где Интернет под жестким контролем. Один из спикеров в ответ предложил пользоваться VPN'ом.

308 views08:19
Ochish/sharhlash
2019-04-04 22:07:08
Спорттық бағдарламалау бойынша ICPC 2019 әлем чемпионатында екінші жыл қатарынан Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері жеңіп шықты. Чемпион болған өткен жылғы құрам. Мұндай көрсеткіш чемпионат тарихында алғаш рет болып жатыр екен. Ойын ережесі бойынша финалда екі рет қана қатысуға болады, демек бұл жетістік қайталануы мүмкін, бірақ жаңартыла алмайды.

Жалпы ресейліктер сегізінші жыл қатарынан чемпион болды.
3.5K views19:07
Ochish/sharhlash
2019-03-26 12:32:36 ​​Мынадай Хромға арналған плагин шығыпты. Барлық жерде "Нұр-сұлтан" деген сөзді "Астана" деген сөзге ауыстырып отырады. Жаңа атауға қатты үйрене алмай жүрсеңіз дегенім ғой :)
246 views09:32
Ochish/sharhlash
2019-02-22 10:22:30 Интернеттің 30 жылдығының құрметіне CERN ғылыми қызметкерлері ең алғашқы браузер WorldWideWeb-тің веб нұсқасын іске қосты. Бұл браузерді интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли жасаған болатын.

Браузерде сілтемені ашу үшін тышқанмен екі рет шерту керек. Ал сайтты ашып көрмекші болсаңыз "Document -> Open from full document reference" деп барып сайт адресін енгізіңіз.

https://worldwideweb.cern.ch/
1.4K views07:22
Ochish/sharhlash
2019-02-14 20:13:08 Мына қысқа кодтың арқасында дәл қазір ВК қолданушыларың парақшасы шетінен тыпырлап взломаться етіліп қалды. "ВК-ның личкасында реклама пайда болыпты" деген жаңалықты өз лентаңызда көрсеңіз, ашып қарамаңыз. Ол - вирус

https://gist.github.com/thetrall/3768f22d0cc4d27085e4a38975a1bd33
190 views17:13
Ochish/sharhlash
2019-02-11 08:12:05 Твиттерді пайдаланушылар саны бізде өте аз. Дегенмен желі батыс елдерінде мәртебесін әлі де жоғалта қоймаған. Небір шенді де атақты адамдар "твиттеп" тұрады. Сондай твиттердің жақсыларын қазақшаға аударып жазып отыратын #пайдалыканал:

@greattweetskz

жазылып алыңыздар, сонда твиттердегі жаңалықтардан да хабардар болып жүресіздер :)
1.2K viewsedited  05:12
Ochish/sharhlash
2019-01-27 10:17:52 Цюкерберг Whatsapp, Facebook Messenger және Instagram сервистерінің бэкендін біріктіруді көздеп жатыр. Оған қоса барлық бағдарламалар хаттарды шифрлау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда жоба әлі бастапқы сатыда. Жобаны аяқтау осы жылдың соңына немесе 2020 жылға белгіленген. Пайдаланушыларға көрінетін ең басты өзгеріс әр түрлі сервисте отырған пайдаланушылар бір бірімен хат алмаса алуында болуы мүмкін.

Whatsapp және Instagram сервистерін сатып алған кезде Цюкерберг сервистер автономды түрде қалатынан және олардың ішкі қызметіне араласпайтынын айтқан болатын. Одан бері көп нәрсе өзгеріп екі бағдарлама да пайдаланушы саны жағынан өте кеңінен тарап кетті. Енді осындай әрекетпен Марк сервистерін ортақ инфраструктураға біріктермекші болып жатқан көрінеді (Google-нің стилі).
1.3K views07:17
Ochish/sharhlash
2019-01-25 10:21:44 Bing іздеу жүйесі Қытайда бұғатталды. Ол Қытайдағы ең соңғы шетелдің ірі іздеу жүйелердің соңғысы еді. Үкімет қойған барлық талаптарды орындағанына қарамай коммунисттік партия бәрібір қуып шықты. Енді бұғатталмаған тек орыс тілді "Яндекс" қана қалып отыр. Bing іздеу жүйесінің қолданылу үлесі 2% ғана еді. Мысалы, Baidu-да ол көрсеткіш 70%. Соған қарамай Қытайлықтарға бір нәрсе ұнамай қалған көрінеді.

Қытайда жалпы Google, Youtube, Twitter, Facebook секілді барлық дерлік ірі сайттар бұғатталған және олардың альтернатив нұсқалары қолданылады.
1.1K views07:21
Ochish/sharhlash
2019-01-24 09:58:10 Xiaomi өзінің бүктелетін экранды смартфонын көрсетті. Бүктелген күйі телефон экраны онша үлкен емес, бірақ жайылған кезде экран диагоналы 7,3 дюйм (18,5 см) болады. Дисплейдің жиналып не ашылып тұрғанына байланысты бағдарламалар да көрсету режимін өзгертеді.

Samsung компаниясы да бүктелетін телефон көрсеткен болатын. Xiaomi телефонының айырмашылығы экран екі жерінен бүктеледі.



1.1K views06:58
Ochish/sharhlash