Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Еңбек | Codeo

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Coursera» жетекші онлайн білім беру платформасымен ынтымақтастық аясында қазақстандықтарға тегін онлайн оқу мүмкіндігін ұсынады.

Халықаралық coursera.org платформасында 31 пән бойынша 4,4 мың онлайн курс бар.

IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг және тағы басқа бағыттар бойынша оқуға болады. Оқу ұзақтығы орта есеппен 6-10 аптаны құрайды және соңғы жобаны қорғау немесе емтихан тапсыру мүмкіндігі бар тапсырмалар мен апталық жаттығуларды қамтиды.

Жобаға қатысу үшін enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы өтінім беру жеткілікті.

https://www.enbek.kz/ru/free-coursera?fbclid=IwAR1pCpd_JLKluflJuj11oKrbVUJ5D2pyR2QC1HOqxisqiikWEXJAtuhgxO0