Get Mystery Box with random crypto!

Абайлаңыз - фишинг! Алаяқтар хостинг компания атына бүркеніп, | Codeo

Абайлаңыз - фишинг!

Алаяқтар хостинг компания атына бүркеніп, домен ақшасын төлеу туралы хаттар жіберіп жатыр. Бұл туралы Аршат Ораз өз парақшасында жазды. Мұндай шабуылдар өте жиі кездеседі және соған қарамай эффективтілігін жоғалтпаған. Сондықтан фишингтен қорғану үшін әр келген хатта мына нәрселерге назар аударуды ұсынамыз:

1. Міндетті түрде хат жіберушінің адресін тексеріңіз. Фишингте шын компаниялар адрестеріне өте ұқсас адрестер қолданылады. Мысалы: ps@mail.ru;
2. Хаттағы сілтемеге бірден басып өтпеңіз, алдымен сілтеменің қауіпсіз екеніне және шын сайттың сілтемесі екенін тексеріңіз;
3. Егер сілтемеге өткен болсаңыз бірінші кезекте сайт доменін тексеріңіз, содан кейін "https" екенін, яғни браузер "Сайт қорғалған" деген белгі қойып қойғанын тексеріңіз (хромда жасыл болып тұрады);

Егер келген хат фишинг екеніне сенімді болсаңыз почта клиентіңізде "Бұл хат фишинг" немесе "спам" батырмаларын басыңыз. Осы арқылы өзіңізді де басқаларды да шабуылдан қорғауға атсалысасыз.

https://bit.ly/2LLfV4I