Get Mystery Box with random crypto!

​МАҚСАТЫМ - 600 ГРАНТТЫ ҮЛЕСТІРУ! Обшым, былай... Нұр-Сұлтан | Codeo

​МАҚСАТЫМ - 600 ГРАНТТЫ ҮЛЕСТІРУ!

Обшым, былай...

Нұр-Сұлтанда жаңа университет ашылып жатыр. Astana IT University деп аталады.

Атынан белгілі болғандай, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы қазіргі заман мамандықтарын оқытады:

- Computer Science
- Software Engineering
- Industrial Automation
- Big Data Analysis
- Media Technologies
- Cyber Security
- Telecommunication Systems
- IT Management


Бұл мамандықтарға түсу үшін IT Management бойынша ғана таңдау пәндері Математика, География болса, қалғанының барлығында Математика мен Физика болуы керек.

Мемлекет қазіргі таңда Astana IT University-ге өзгелерге ортақтаспайтын, жеке-дара 600 грант бөлді. Иә, бақандай 600 грант.

Сабақ толықтай ағылшын тілінде өтеді. Отандық ең үздік мамандармен қатар, негізінен шетелдік оқытушылар тәлім береді.

Құжат тапсыру маусым айынан басталып кетті. Қазіргі таңда қабылдау комиссиясы таңертең 9-дан кешкі 6-ға дейін үзіліссіз жұмыс істеп тұр.

Грантқа өтініш қабылдау шілденің 13-20 аралығында өтеді. Оған дейін құжаттарыңызды тапсырып кеткеніңіз әбден дұрыс. Кейін кезек күтіп отырмас үшін.

Оқуға яғни грантқа түсу үшін талап қандай?

Талап:

1) ҰБТдан мейлінше жоғары балл болу керек
2) IELTS 5.0 деңгейіндегі ағылшын тілі болуы керек немесе 11, 15, 17 шілде күндері болатын ағылшын тілінен емтихан тапсырып, 100 балдың кемінде 70 балын алсаңыз жетеді.


Қандай құжаттар тапсыру керек?

Аттестат
• ҰБТ сертификаты
• 086-У меданықтама + флюра
• Жеке куәлік
• 3x4 6 фото
• IELTS 5.0 (TOEFL 510) \егер болса\


Жатақхана:

EXPO тұрғын-үйлері жатақхана ретінде беріледі. Бір студентке 25.000 теңге. Бір бөлмеде 2 адам жатады.

Ақылы оқимын десеңіз, жылына 2.000.000 теңге. (Аха, ап-арзан:))

Ал енді ең басты сұрақ:

ГРАНТҚА ТҮСУ ҮШІН ПРАХАДНОЙ БАЛЛ ҚАНША?

Қай университетке түсетін болсаңыз да ешкім сізге "проходной балдың" қанша екенін айта алмайды. Себебі, құжат қабылданып жатыр. Конкурс әлі өткен жоқ. Грант әлі иелеріне табысталған жоқ. Сондықтан, "осынша балмен грантқа өтесіз" деп ешкім, ешбір университет, ешбір қабылдау комиссиясы айта алмайды.

Яғни, барлық абитуриент бізге құжат тапсырып болған соң, грантқа конкурс болған кезде барып, ең төменгі ҰБТ көрсеткіші қандай болғанын айта аламыз. Оған дейін тек ҰБТ балының аздығы-көптігін ықтималдықпен ғана өлшейміз. Яғни, 100 балдан көп жинасаңыз, грантқа түсу ықтималдығыңыз өте жоғары. 80-90 айналасы болса, талаптанып көрсеңіз болады. Ал одан да төмендерге "бағыңызды сынап көріңіз, бірақ сізге ештеңе айта алмаймыз" дейміз.

Мекен-ж: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 ғимарат, C4.3 блогы. Жалпақ тілмен айтқанда, ЭКСПО шарик пен Мега Силкуей арасындағы павильон.

Толық ақпарат үшін сайт: https://astanait.edu.kz