Get Mystery Box with random crypto!

Қытай Синьзянь бекеті арқылы өтетін туристердің смартфонын арн | Codeo

Қытай Синьзянь бекеті арқылы өтетін туристердің смартфонын арнайы қосымшасы арқылы тексерістен өткізіп жатыр. Қосымшаны кеден бақылаушылары орнатып, телефон ішіндегі барлық мәліметті сканерлеп, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жібереді. Тексеріс көбінесе Орталық Азиядан баратын туристтерге бағытталған, атап айтқанда, Қырғызстаннан.

The New York Times хабарлауынша, "шпиондық" қосымша Android смартфондарына арналған. Ал, Iphone смартфоны болған жағдайда, оған арнаулы құрылғы жалғап тексереді. Айта кетейік, бұл утилита BXAQ немесе Feng chai деп аталады. Ол телефон ішіндегі барлық хаттар мен қоңыраулаурады, смартфон иесінің әлеуметтік желілердегі никнеймдерін, тіпті, күнтізбедегі сақталған жазбалардың барлығын көшіре алады. Жиналған мәліметтер арнаулы серверге жіберіледі.

Синьзяньдағы мұндай қатаң әрекеттер ислам дінін ұстанатындарға, әсіресе ұйғырларға қарсы бағытталған. Бұл аймақта 11 миллионнан астам мұсылмандар өмір сүргендіктен Қытай оларды барынша бақылауда ұстауға әрекет жасап жатыр.