Get Mystery Box with random crypto!

Цюкерберг Whatsapp, Facebook Messenger және Instagram сервисте | Codeo

Цюкерберг Whatsapp, Facebook Messenger және Instagram сервистерінің бэкендін біріктіруді көздеп жатыр. Оған қоса барлық бағдарламалар хаттарды шифрлау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда жоба әлі бастапқы сатыда. Жобаны аяқтау осы жылдың соңына немесе 2020 жылға белгіленген. Пайдаланушыларға көрінетін ең басты өзгеріс әр түрлі сервисте отырған пайдаланушылар бір бірімен хат алмаса алуында болуы мүмкін.

Whatsapp және Instagram сервистерін сатып алған кезде Цюкерберг сервистер автономды түрде қалатынан және олардың ішкі қызметіне араласпайтынын айтқан болатын. Одан бері көп нәрсе өзгеріп екі бағдарлама да пайдаланушы саны жағынан өте кеңінен тарап кетті. Енді осындай әрекетпен Марк сервистерін ортақ инфраструктураға біріктермекші болып жатқан көрінеді (Google-нің стилі).