Get Mystery Box with random crypto!

Өмірімде тағы нені жақсартсам болады? Байқағаным, бізге сәл | Бір өмірлік. ♥️🍀

Өмірімде тағы нені жақсартсам болады?

Байқағаным, бізге сәл кідіріп, ойлану жетіспейді екен. Апыл-ғұпыл істеріңе басыңмен кіріп кетесің. Яғни, аудио дәріс тыңдамай, кітап оқымай, тіпті пайдалы болса да, ешкіммен сөйлеспей — жалпы ештеңе істемей, жай кідіріп, ойлану керек бізге.

Ойлану дегенде, өзіңе есеп беріп, күнәларыңды еске алып, тәубе етіп, эмпатияңды оятып, жанашырлық танытып, сезімдерді кешіп, өзіңе сырттай қарап, анализ жасап, өткеннің парағын жауып, болашаққа көз салып, жоспар құру ғой.

Бізді ойландырмайтын дүниелер қазір шаш-етектен. Инстаграм, тик-токқа кіріп кетсең, қайдағы ойланған. Тіпті сезімдеріміз де жансызданып бара жатыр. "А, байғұс, өліп қапты ғой", "қиналып жатыр екен", "соғыс боп жатыр" дейміз де, ертесіне ұмытып кетеміз. Негізі ойлансаң, жылататын нәрселер бұл. Жылау үшін де осы кайдзен сағат керек боп тұр.

Ешкім мазаламай, ойланатын бір сағатың болса, балаңа, әйеліңе дұрыс көңіл бөле алмай жатқаныңды, ата-анаңның денсаулығын, бір адамды ренжіткеніңді еске ала бастайсың. Егер ондай сағатың болмаса, сезімдерің өлі, ойларың ұйқылы күйде жүре береді екенсің.

26.12.2022 жыл.

#БірӨмірлік
#AA
@bir_omirlik