Get Mystery Box with random crypto!

ОЙЛАМА ОЙЛАЙ БЕРМЕ Қарамады дейсің бе? Қарамасын... Жүрег | Бір өмірлік. ♥️🍀

ОЙЛАМА ОЙЛАЙ БЕРМЕ

Қарамады дейсің бе?
Қарамасын...
Жүрегіңді тағы да жараласын.
Ол таппайды өзіңдей адал жанды,
Ал сен одан артығын таба аласың.

Іздемеді дейсің бе?
Іздемесін...
Адастырар жүрегінің бір кемесін.
Өкпелемей көктемнің қосқанына,
Досым-ау кінә артасың күзге несін.

Жыламады дейсің бе?
Жыламасын...
Әлі талай төгеді көздің жасын.
Сен бір кезде күлімдеп баратқанда,
Сенен келіп мейірім сұрамасын.

Кездеспеді дейсің бе?
Кездеспесін...
Өткен уақыт ендігі бермек несін.
Өзі -ақ іздеп келеді қарада тұр,
Шынайы сезімдері шөлдеткесін.

Болды досым,
Ойлама, ойлай берме,
Арманға сен алдамшы қиялға ерме.
Бәрін -бәрін жай ғана ұмыта сал,
Барып қайтта ең алғаш көрген жерге.

-Кеңесханов Роллан
#БірӨмірлік
#AA
@bir_omirlik