Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда директор мектепте діни сипаты бар іс-шара өткізген. | Newscorr

Атырауда директор мектепте діни сипаты бар іс-шара өткізген.

Онда мектеп ауласында алау жағылған.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.