Get Mystery Box with random crypto!

*Алматыда көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды* Үлкен Ал | Newscorr

*Алматыда көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды*

Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарғалы, Ақсай, Жарбұлақ, Тиксай өзеніндегі жағдай тұрақты. Судың іркілуі мен мұздар жоқ, су кедергісіз ағып жатыр, сең жүрмейді болжануда. Еріген қар суы және нөсердың ағуы үшін аудан әкімдігінің мердігер ұйымдары арықты тазалайды. Қазір 765 км арық желісі қардан, мұздан және қоқыстан тазартылды, бұл жоспардың 57,5%. Бұл жұмыс ақпан айының соңына дейін аяқталады.

Бүгінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиісті техника сақадай сай. Әртүрлі мақсатқа жарамды тағы 1 078 бірлік әртүрлі техника жасақталды. 23 500 қап, 17 843 тонна инертті материал да дайын. Су тасқынының алдын алу үшін 6 өзен аумағындағы 206 км жағалау нығайтылды. Ұзындығы 37,7 км төрт өзеннің (Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Бөкенбай және ҮАК) жағалауын нығайту, абаттандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірленіп жатыр.

Экология және қоршаған орта басқармасы су басуға бейім 102 аумақты анықтаған. Оның 56-сы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл жүргізуді қажет етеді. Қазір бұл жұмыс 92%-ға орындалды, қалғаны 31 наурызға дейін аяқталады. Ал жалпы алғанда 2023-2024 жылдары 376 км арық желісін салу және жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру аясында қалған 46 аумақтағы су басу мәселесі оң шешімін табады.