Get Mystery Box with random crypto!

Жалғыз Атам тау қопарып, тас кесіпті. Әкем теңізші боп өмір к | Аршылан Шаттық

Жалғыз

Атам тау қопарып, тас кесіпті.
Әкем теңізші боп өмір кешіпті.
Тау шөкті ме?
Теңіз сарқылды ма?

Сол тастардан өрілген қамал ішінде
өзге қамалдың аспанына
босып бара жатқан жұлдыздарды
Көзбен ұзатып саламын үнсіз.

Ұртымда – теңіз суы кермек –
Әкеден қалған жалғыз мұра.

Тағы бір атам ұста болғанда ғой деймін,
Есік қалдырар еді,
жұлдызбен ілесіп шығар.

Жоқ, мен қамал ішінде емес,
жаңбыр тырнап, жел қажаған
жыра ішінде қалған секілдімін. 
Қызыл нұр төбемнен түйреп,
лақтырып тастаған секілді оған.

Жаңа ай қашан туады екен?
Шығады екен күн қашан?

#АсыланҚуанышұлы
#АршыланШаттық