Get Mystery Box with random crypto!

'Хемигуэйдің портреті' эссесін оқып отырып оның авторын ұмытып | Аршылан Шаттық

"Хемигуэйдің портреті" эссесін оқып отырып оның авторын ұмытып кетуіңіз мүмкін. Бұл - Лилиан Росстың шеберлігі. Америкалық атақты журналист Хемигуэйдің тұлғалық һәм шығармашылық портретін беруде, оның болмысын ашуда Хемингуэйдің стилін таңдаған және мұнысы өте сәтті шыққан. Баттасқан бояусыз, лепірме мақтаусыз. Әр деталь өз орнында. Айтпақшы, әлдекімдер құсап көлемді етемін деп, уикипедиялық-энсиклопедиялық мәліметтерді орынды-орынсыз "тықпаламайды". "Сыншы" боламын деп "тыраштанбайды" да. Жәй ғана сізге Хэмингуэйді сырттай бақылап отыруға мүмкіндік береді. Меніңше, Хэм әкейді тереңірек түсінгісі келетін оқырманға бұл естелік – үлкен олжа.